Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Bookcrossing-аймақ университетте

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылатын Bookcrossing-қозғалысты дамыту бойынша әлеуметтік жоба аясында Өскемен қаласы әкімдігінің КММ «Жастар ресурстық орталығы» «Social Development Center» қоғамдық қорымен бірлесіп, С. Аманжолов атындағы  ШҚМУ-дың  № 7 оқу ғимаратының холлында Bookcrossing-аймағын  ұйымдастырды.

Өзіндік  тартымды үлгіде жасалған  кітап шкафтары әртүрлі жанрдағы әдебиетпен толтырылған. Акцияға қатысуға шақырамыз! Жақсы кітаптар  оқыңыздар! Келіңіздер, көріңіздер, кітаппен алмасыңыздар!

Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) - «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасынд жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі.

Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады.

Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды – «буккроссерлер» деп атайды.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo