С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері куратор Айнұр Қозыбаевамен бірге Ұлан ауданына барып, ашық есік күніне қатысты. Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының өкілдері студентерге Бозанбай ауылы, аталған мекеме, жұмыс кабинеттері мен зертханалары бойынша экскурсия жүргізді.
Сонымен қатар, ашық есік күні аясында студенттер мекеменің қызметі, жұмысқа орналасу рәсімі туралы толық ақпарат, сондай-ақ іс-тәжірибені өтуге шақыру алды.
11 желтоқсанда ШҚМУ-да педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған Мансап күні өткен-ді. Оған қатысушыларының бірі Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы болды. Іс-шара аясында әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 4 курс студенттері аталған ұйымның ашық есік күніне шақырту алды.
Ағымдағы оқу жылында әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығын күндізгі оқу түрі бойынша 29 студент аяқтайды, оның ішінде 24 студент «Мәңгілік Ел жастары –индустрияға» бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Оларды Шығыс Қазақстанда 100% жұмысқа орналастыру – бірінші кезектегі мемлекеттік міндет.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы