ШҚМУ-да жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Досым Ерболатұлы оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор болып тағайындалды.
Бұл туралы ғылыми кеңес отырысында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген мәлімдеді.
Сонымен қатар, ЖОО ректоры М. Төлеген жаңа проректорды ұжымға №1 оқу ғимаратында да таныстырды, ал №7 оқу ғимаратында таныстыру жиынын проректор А. Толамисов өткізді.
Инженер-физик, физика магистрі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Досым Ерболатұлы – ШҚМУ түлегі, оқу орнын 2000 жылы тәмамдаған.
Ол 2002 жылы ШҚМУ магистратурасын, ал 2005 жылы аспирантурасын бітіреді.
Досым Ерболатұлының бүкіл еңбек жолы тек ШҚМУ-да өтті: тәжірибелік физика кафедрасының инженеры, физика кафедрасының зерттеуші-стажеры, ғылыми қызметкері, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, ғылыми-зерттеу басқармасының басшысы, Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхананың меңгерушісі, энергияны үнемдеу және баламалы энергетика зертханасының меңгерушісі, «Инновация-Коммерциаландыру-Өндіріс» тәжірибелік өнеркәсіптік аланының меңгерушісі.
2018 жылдың ақпанынан – Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы.
2019 жылдың 1 ақпанынан – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор.
ЖОО ректоры М.Ә. Төлеген Д. Ерболатұлына табыс тілеп, жұмысының жауапты екенін атап өтті, істі оқыту сапасын тексеруден бастауды жүктеді.
Баспасөз қызметі