- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ білім беру қызметтерін көрсету саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Е. Көбеев пен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Төлеген білім беру қызметтерін көрсету саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Қол қойылған құжатқа сәйкес тараптар бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша жеке пәндер мен модульдерді өту мүмкіндігін ұсына отырып, оқушыларға білім беру қызметтерін көрсетуді міндеттеріне алады.
Келісім аясында тараптар оқу үшін тең жағдайлар жасайды, оның ішінде кітапханалық ресурсқа қолжетімділік ұсынады, сонымен қатар жатақхана бар болған жағдайда оқушыларды тұрғын жайлармен қамтиды.
Баспасөз қызметі