- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
23 ақпанда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ экономика және құқық факультетінің экономика және басқару кафедрасы 10-11 сынып оқушылары арасында экономика негіздерінен олимпиада өткізді. Олимпиадаға қала мен облыстың он екі мектебінен 53 оқушы қатысты.
Бірінші және екінші кезеңдердің нәтижесінде олимпиада жүлдегерлері анықталды:
Дипломдармен марапатталды:
1орын - Серменов Санжар, Опытнопольская орта мектебі;
2 орын - Запороженко Софья, №18 мектеп;
3 орын - Серикова Дина, №15 мектеп.
Номинация жулдегерлері болды:
«Үздік эссе» - Дементьева Юлия, Опытнопольская орта мектебі, Әділбекова Әсел, Георгиевка орта мектебі.
«Есептерді үздік шешу» - Дынник Илья, Опытнопольская орта мектебі, Наурызгазина Дана, №45 мектеп.
«Экономикадан тесттерді үздік шешу» - Казимуллаев Жандос, № 32 мектеп, Мухаметханов Максат, Георгиевка орта мектебі.
Олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін келесі мектеп оқушылары марапатталды: № 33,15,18,7,32,38,3, 24, 16 және Н.Крупская орта мектебі.
Кафедра оқытушылары мектеп оқушыларына экономикалық мамандықтар жайлы мәлімет берді.
Сонымен қатар «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушылары дайындаған қала және облыс мектептері мен гимназиялары мұғалімдеріне арналған «Білім экономикасы - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетілдірілуінің стратегиялық басымдылығы» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Пікірлесу нәтижесінде білім экономикасы - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетілдірілу үшін келесі ұсыныстар жасалды:
Ғылыми-әдістемелік семинарға қатысқан мұғалімдерге сертификаттар тапсырылды.
Экономика және басқару кафедрасы