- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимаратында аталған факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамының, университет қызметкерлерінің, Өскемен қаласы кәсіпорындары мен ұйымдары, мекемелерінің өкілдерінің қатысуымен салтанатты шара өтті.
Университет атынан стратегиялық даму және ғылым проректоры, профессор Анар Базарқызы Мырзағалиева құттықтау сөз сөйледі. Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, факультет қызметкерлері мен белсенді түрде жұмыс жасап жүрген ұйым өкілдеріне алғыс хаттар табыстады.
Сонымен қатар, іс-шараның құрметті қонақтары сөз сөйлеп, факультет қызметкерлерін мақтау наградаларымен марапаттады. Ал, факультет студенттері концерттік нөмірлер көрсетіп, кештің шырайын кіргізе түсті.
Баспасөз қызметі