28 маусымда ШҚМУ әкімшілік ғимаратының акт залында ЭжҚФ 6 мамандық бойынша 61 бакалавриат түлегіне диплом тапсыру салтанаты өтті.
11 студент үздік диплом иегері атанды, оларға құжаттарды тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ирина Ровнякова табыстады.
Жастар теориялық және практикалық білім алып қана қоймай, ұлағатты ұстаздар мен адал достар тапты.
Оқытушылар түлектердің басым бөлігі жұмыс тауып алғандарын мақтанышпен атап өтті.
Құттықтау сөздерді «Шығыс Ақпарат» ЖШС басқарма төрағасы С. Жеңісов, ШҚО прокурорының аға көмекшісі В. Александров, «Цеснабанк» басқарма басшысы Ш. Бәкімбаев айтты.
Мерекеге орай шағын концерт ұйымдастырылды. Түлектер ілтипат пен алғыс белгісі ретінде ұстаздарына гүл шоқтарын сыйлап, әдемі шеру ұйымдастырды.
Факультет өз түлектеріне табыс пен сәттілік, оқытушыларға денсаулық пен ырыс-береке, университетке жаңа жетістіктер тілейді!
Экономика және құқық факультеті