Халықаралық әйелдер күні қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Экономика және құқық факультетінің студенттері ШҚО Полиция департаментінің әйел ардагерлерін құттықтады.
Жастар ардагерлерге «Заңтану» білім бағдарламасы студенттерін дайындауға белсенді қатысып жүргендері үшін алғыстарын жеткізді.
Студенттер әзірлеген мерекелік концертті әйел полицейлер ыстық ықыласпен қабылдап, ризалық сезімдерін білдірді.
Департамент басшылығы оқу орнымен ынтымақтастықты ары қарай тереңдете беруге, бірлескен жұмыстарды ширатуға әзірліктерін атап көрсетті.
Баспасөз қызметі