ШҚМУ-да Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық кеңсесі ШҚО ЖОО-ларының өкілдеріне арналған «ЖОО-ның академиялық саясаты: әкімшіліктендіру, құралдар және субъектілер» өңірлік семинар-тренингінің алғашқы күнін өткізді.
Бұл – ЖОО-лардың академиялық саясатын жетілдіру бойынша елімізде өткізілген алғашқы семинар.
Тыңдаушылар қатарында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың, ҚАЕУ-дің, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің оқытушылары және құрылымдық бөлімше жетекшілері бар.
Кіріспе сөзді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген айтты.
– С. Аманжолов атындағы ШҚМУ бүгінде Эразмус+ бағыты бойынша Тюмень мемлекеттік университетімен бірге «Трансшекаралық су пайдаланудың тұрақтылығы мақсатында институционалды серіктестік: Ресей және Қазақстан» жобасын іске асыруда. Осылайша ШҚМУ Эразмус+ халықаралық жобасының консорциумы болып отыр. 2016 жылы аталмыш жобаның тұсаукесері өтті. Оған Ресей, Қазақстан, Германия, Британия, Грекия, Нидерланды елдерінің университеттері мен ұйымдары атсалысуда, – деді Мұхтар Төлеген.
Сондай-ақ, ШҚМУ биыл Порто университетімен (Португалия) және өзге 23 елдің университеттерімен бірге MOBILE Unlimited жобасын іске асыру бойынша Эразмус+ грантын жеңіп алды.
Баспасөз қызметі
Фото https://cloud.mail.ru/public/7wP7/Pi2iwN8q3