Экономика және құқық факультетінің оқытушылары мен студенттері «Жібек жолы» кешеніндегі жаңа залдың ашылуы мен «Қытай мәдениеті» фотокөрмесіне қатысты.
12 мамырда Экономика және құқық факультетінің оқытушылары мен студенттері облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығында «Жібек жолы» кешеніндегі Император сарайының жаңа залының ашылуы мен «Қытай мәдениеті» фотокөрмесіне қатысты.
Қатысушылар бірнеше мың жылдан бері сақталып келген Қытайдың ежелгі салт-дәстүрімен танысып, императордың көрме залын және Қытай мәдениетінің фотокөрмесін тамашалады.
Экономика және құқық факультеті