С. Аманжолов атындағы ШҚМУ физика кафедрасының «Кәсіптік оқыту», «Ядролық физика» және «Физика-информатика» мамандықтарының студенттері «Үміт» балалар үйіне барды.
Ұйымдастырушылар – физика кафедрасының оқытушылары М. Нуризинова, Е. Әмренова, А. Төкежанов және 1-курс студенттері.
Іс-шарада студенттер балалардың демалыс күнін қызықты өткізу мақсатында концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Студенттер домбырамен түрлі ән айтып, күй шертті, флешмоб ұйымдастырып, өнерлерін тарту етті.
Сонымен қатар, командалық қызықты ойындар ойнатып, тәттілер мен сыйлықтарын үлестірді.
Бұл «Мейірімді болайық» эстафетасы университетіміздің басқа кафедраларына бейнеролик арқылы жолданды. Оны Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы А. Төлеуханованың кураторлық тобы қабылдап алды.
Физика кафедрасы