- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Өткен ғасырлардың басында еліміздің шығысында алғаш рет маньчжур жаңғағы, калифорния үйеңкісі, еуропалық жөке ағаштары отырғызылған болатын. Мұнда 12 мың өсімдік түрі өсірілді. Кейін бұл бақ ну орманға айналды. 2006 жылдан бақты тазалау жүргізіле бастады.
Биология мамандығының оқытушылары мен 1 курс студенттері Г. Вистениус – Д. Панкратьев бағында сенбілік өткізді. Бақ ауқымды болғандықтан, студенттер топтарға бөлініп, жетекші мұғалімнің басқаруымен бақтың әр бөлігіне жіберілді. Бақтағы қураған жапырақтар, сынып жатқан бұтақтар тазаланды, сондай-ақ студенттер бақта өсіп тұрған өсімдіктермен танысты.
Сенбілікке барлығы жұмыла атсалысты. Жұмыстар жылдам, көңілді жүргізілді.
Биология кафедрасы