- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
17 қыркүйек экономика және құқық факультетінің бірінші курс студенттері үшін экскурсиялар мен қызыққа толы күн болды.
Студенттер экономика және басқару кафедрасы оқытушыларының жетекшілігімен Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық мұражай қорығының «Көркемсурет ғажайыбы» және Глеб Болботовтың Шығыс Қазақстан табиғатының сұлулығын таныстаратын фотосурет көрмелерін тамашалады.
Экскурсия қызықты, пайдалы болды және ең бастысы, бірінші курс студенттеріне оқытушылармен, бір-бірлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Бейресми жағдайда пікіралмасу қызығушылықты оятуға және болашақта ұқсас іс-шараларға қатысуға ынта туғызуға ықпал етті.