Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының студенттері алғаш рет іс-тәжірибе бойынша онлайн-есеп берді

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ​ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы 4-курс студенттерінің іс-тәжірибе есебін қорғауының онлайн конференциясын өткізді.

Кафедра «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 4-курс студенттерінің 20 қаңтар – 20 наурыз аралығында өткен педагогикалық іс-тәжірибесін қорытындылау мақсатында комиссия мүшелерінің қатысуымен іс-тәжірибе есебін қорғаудың онлайн конференциясын өткізді.

Ақпараттық коммуникация технологиясын еркін меңгерген студенттер үшін бұл конференция өз ойларын еркін жеткізіп, алған тәжірибелерімен еркін алмасуға мүмкіндік берді.

Түлектер білімдері мен біліктерін жан-жақты көрсете отырып, жіберілген білім беру мекемелердегі ұстаздардың алғыстарын алып қайтқан. Кейбір студенттерімізді мектептердің жұмысқа шақырып жатқаны – іс-тәжірибенің белгілі бір мақсатына жеткенінің көрінісі.

Аталмыш іс-тәжірибені қорытындылауға арналған онлайн конференция университет тарихында алғаш болғанына қарамастан оқытушылар мен студенттердің белсенділігі нәтижесінде жоғары деңгейде өтті.

#AMANZHOLOV_UNIVERSITY

#BIZBIRGEMIZ

#ШҚМУОНЛАЙН

#БІЗВИРУСТЫЖЕҢЕМІЗ

#ЯДОМА

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo