- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. А.Қ.Сейпутанова «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курсында «Шешендік өнер және мәнерлеп оқу» пәнінен ашық дәріс сабағын өткізді.
«Шешендік өнердің тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі рөлі» тақырыбында жүргізілген ашық сабақта шешендік өнер жайында таным-түсініктері кеңейтіліп, оның рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі рөлі поэтикалық тұрғыдан талданды.
Сондай-ақ мәнерлеп оқу шеберліктері шыңдалып, шешен сөйлеу дағдылары қалыптастырылды. Сабақ барысында АКТ, СТО, «Ойлау, ой тастау, ойланту» технологиялары ұтымды қолданылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы