- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Универсиада Қазақстан құрамасына сәтімен басталып, біздің жігіттер Қытай командасын - 22:0 есебімен ойсырата ұтты.
Кездесуде Қазақстан құрамасындағы Артем Бурделев (5 шайбы), Әлихан Әсетов (3 шайбы), Владимир Гребенщиков, Антон Сагадеев (2 шайбы), Дмитрий Гренц (2 шайбы), Владислав Никулин, Константин Савицкий (2 шайбы), Мадияр Ыбырайбеков, Михаил Рахманов (2 шайбы), Иван Степаненко, Константин Савенков мен Ярослав Евдокимов ерекше көзге түсті.
Команданың бас бапкері Сергей Старыгин жігіттерді қатты қыстамай, еркіне жіберді. Осыны арқасында болса керек, хоккейшілеріміз кеңінен көсіліп, ұрымтал сәттерді қолдан жіберген жоқ.
31 қаңтардағы А тобындағы келесі ойында қазақстандықтар Швеция құрамасымен кездеседі. Ойын 19:30- де басталады.
28.01.2017
almaty2017.com
https://almaty2017.com/kk/media/news/2017/01/28/sbornaya-kazaxstana-po-xokkeyu-s-shajboj-razgromila-komandu-kitaya/