- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасында халықаралық қатынастар, тарих, цифрлы гуманитаристика мамандықтарының студенттері «Әз-Наурыз» іс-шарасын өткізді.
Іс-шарада студенттері үш деңгейден тұратын сайысқа түсті. Сайыс бойынша әр курс түркі халықтарының дастарханын, музыкасын, салт-дәстүрін көрсетті. Студенттер белсене қатысып, жаңа қырларынан танылды. Әзірбайжан, татар, дағыстан, өзбек, тәжік, түрік, қазақ салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетіп, ән-би сайысына түсті.
Нәтижесінде «Үздік топ» номинациясын халықаралық қатынастар, тарих мамандықтарының 3 және 2 курс студенттері жеңіп алды. Белсенділерге алғыс хаттар табысталып, басқа топтар түрлі номинацияларды бөлісті.
Мерекені ұйымдастыруға Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары Әсем Әубәкірова мен Ақерке Хизат атсалысты.
Іс-шараны тамашалауға Фиология, тарих және халықаралық қатынастар факультетінің деканы Ә. Өскембай, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары келді.
Қазақстан тарихы кафедрасы