С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №9 оқу ғимаратында Пусан университетінің профессоры Ким Ми Хянг кәріс тілінен дәріс бере бастады.
Профессор Ким Ми Хянгтің мамандығы – «Корей тілі және әдебиеті».
Сабақтар «Шет тілі (екінші)», «Шет тілі (екінші, В1 деңгейі), «Екінші шет тілінің практикалық курсы» пәндері аясында арнайы жабдықталған кәріс тілі кабинетінде жүруде.
Сабақтар кәріс тілін екінші шет тілі ретінде оқитын «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері үшін ұйымдастырылған.
Оқытушы коммуникативті-бағдарлы тәсіл негізінде оқытады, «ынтымақтаса оқыту» технологиясын, жобалық технологияларды, тілдік портфель технологияларын, тандем-әдісті, компьютерлік және аудиобейнелік технологияларды белсенді қолданады.
Баспасөз қызметі