- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Ағымдағы жылдың 16 қарашасында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «тарих, филология және халықаралық қатынастар» факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен, Шығыс Қазақстан облысының мектеп түлектері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қазақстан тарихы» бойынша олимпиада өткізілді.
Қатысушылар олимпиаданың талаптары бойынша білімдерін көрсетіп, бірнеше айналымдар бойынша бақ сынасты. Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының 2017-2018 оқу жылына арналған грантына Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Таңжарұлы Амантай ие болды.
Ал 1 орынға – Мамырбеков Нартай (Өскемен қаласының №16 орта мектебінің 11 сынып оқушысы), 2 орынға – Нұрланова Аяулым (Өскемен қаласының №23 орта мектебінің 11 сынып оқушысы), 3 орынға – Шеренько Андрей (Өскемен қаласының №15 орта мектебінің 11 сынып оқушысы) ие болып, марапатталды.