- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Батырбай Әбілxайыр Темірxанұлының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тоғызқұмала»қ ойындарының жарысы өтті. Жарыс студенттер үйі арасында өткізілді.
Белсенді жастар ұлттық ойынымызды жоғары дәрежеде ойнай алатындарын тағы дәлелдеді. Ойын нәтижесі төмендегідей болды: 1-орын: Егемқұл Нұрай Дефектология мамандығының 1 курс студенті. 2-орын: Сүйіндік Жансезім Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1 курс студенті. 3-орын: Жұмабаев Жүрсін Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенті.
Осындай ұлттық ойындарымызды ұйымдастырып, дәріптеп,дамытып жүрген жандарға айтар алғысымыз шексіз!
Ильяс Інжу, Жастар ісі жөніндегі комитетінің хатшысы