«Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік негіздері» жобасы аясында өнер саласындағы кәсіпкерлер С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттеріне дәріс оқыды.
Арлан Сүлейменов – 22 жасар кәсіпкер, Co-Music мектебінің иесі, музыкант, халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Ал, Жанар Сейілханова – «SULU» дизайн мектебінің жетекшісі.
Аталмыш шығармашылық адамдары өз кәсіптерін ашып, жастарды өнерге баулып, пайда табуда. Олар студенттерге өз істерін қалай ашқанын айтып, жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті.
Баспасөз қызметі