Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Бұл – біртұтас Қазақстан халқын құрайтын бүкіл қазақстандықтар үшін ең басты мерекелердің бірі.
1991 жылдың 16 желтоқсанында әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Сол сәттен қазақстандықтар әлемдік қауымдастықтан лайықты құрметін алған өздерінің даңғыл жолын бастады.
Тәуелсіздік күні мықты егемен елдің еркіндігі мен күш-қуатының айшықты белгісі саналады, тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанның тарихы жаңа жетістіктермен, жасампаз өзгерістермен және қарқынды дамумен жалғасын тапты.
Сіздерге зор денсаулық, ырыс-береке мен тұрақтылық тілеймін, шаңырақтарыңызға шаттық ұяласын!
Мереке құтты болсын!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген