Сіздерді Жаңа 2020 жылмен құттықтаймын!
Жаңа жыл қуанышты оқиғалар мен шаттықты шақтарға толы болып, тек қана жақсылықтар алып келсін, барша арман-тілектеріңіз орындалсын!
Шығармашылықта, оқуда және еңбекте жаңа жетістіктерге жете беріңіздер, барлық істеріңіз нәтижелі, өнімді әрі пайдалы болсын!
Баршаларыңызға мықты денсаулық пен баянды бақыт, ізгілік пен татулық, төзімділік пен тыныштық, құт-береке пен тұрақтылық, сондай-ақ көтеріңкі көңіл күй тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген