Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен құттықтаймын!
Мұғалім мамандығы – ізгіліктің, адамгершіліктің және парасаттылықтың үздік үлгісі. Сіздердің күн сайынғы ерен еңбектеріңіз – өскелең ұрпақ жүрегіне салынған дара жол, білім шыңына жетелер даңғыл.
Сіздерге мықты денсаулық, толағай табыс, құт-береке, шығармашылық шабыт тілеймін! Шәкірттеріңіздің шексіз алғысы сіздер үшін лайықты марапатқа айналсын. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық қызметтеріңіз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген