Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында математика кафедрасы «Бүгінгі таңдағы математикаға оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинарға қатысушылардың географиясы ауқымды болды. Өскемен қаласы білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен қатар облыс аудандарының мектеп мұғалімдері белсенді қатысты. Өз ойымен кафедра түлегі, әл-Фараби атындағы ҚҰУ математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасының доценті, PhD Сырым Қасенов те бөлісті.
Кафедра мүшелері атынан спикерлер және вебинарға белсенді қатысқан әріптестерімізге ризалық білдіреміз!
Математика кафедрасы