Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Математика кафедрасының оқытушылары кәсіби құзіреттіліктерді дамыту мақсатында «Математика әлемінде» атты онлайн интеллектуалды сайыс өткізді.
Сайысқа математика, математика-физика мамандықтары топтарынан «Сұңқар», «Алғырлар» және «Формулалар» атты командалар қатысты. Студенттер ерекше белсенділік танытты, олар өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдап, білімдерін дамыта түскендіктерін айтты.
Математика кафедрасы