- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Өскемен қаласының Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы ұйымдастырған Наурыз мерекесінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы шетел қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен шетел азаматтарына арналған дайындық бөлімінің тыңдаушысы, Моңғолия азаматы Мунхбат Пурэвсурэн жүлдеге ие болды.
Ол жарыстарға «Бірлік» жастар ұйымының жетекшісі М. Шүршітбайдың қолдауымен қатысқан.
Жеңісі үшін ол 3500 теңгенің сертификатын алды.
Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі
дайындық орталығы