С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 оқу ғимаратының фойесіне әсем безендірілген жаңажылдық шырша қойылды. Ғимарат айналасындағы тірі шыршалар да, шамдалдар да жаңажылдық оттармен көмкеріліп шыққан.
Кеш түсісімен ғимарат маңы ертегідегідей кейіпке түсіп, жаңажылдық көңіл күй сыйлайды.
Жекелеген кабинеттер мен дәрісханалар да мерекелік тұрғыда безендірілді. Әсіресе ғылыми кітапхана залы ерекше қиялмен рәсімделіп отыр.
Баспасөз қызметі