Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Нұр Отан» партиялық бақылау комиссиясы Өскемендегі жаңа үй тұрғындарының шағымын тексерді

«Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңесі Өскемен құрылыс бөлімімен бірге жаңа көпқабатты үй тұрғындарының шағымын қарастырды.

«Thomas group» мердігер құрылыс компаниясының өкілі П. Дамушников қатысқан рейд барысында үй тұрғындары У. Мұсаевпен. Д. Кеңеспаевамен, Г. Заманбековамен кездесу өтті, онда нысанды тапсыру мерзімінің өтіп кеткені анықталды. Сондай-ақ, пәтерлерді тексеру кезінде құрылыс ақаулары анықталды.

Мердігер олқылықтарды 10 наурызға дейін жоюды міндетіне алды.

Осы күні «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңесі Өскемен құрылыс бөлімімен бірге нысанға тағы барады.

ШҚО филиалының партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңесі

Қазақ
× You found a Typo