Президенті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тұңғыш ректоры Е. Мәмбетқазиев болып табылатын Қазақ-Америка еркін университетінің 25 жылдығына арналған салтанатқа университет ректоры Мұхтар Төлеген мен проректоры Ирина Ровнякова қатысты.
Жиынға KAZ Minerals тобы қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Paul Gahagan және KAZ Minerals компаниясының техникалық директоры Johan Barnard, сондай-ақ Қазақ-Америка еркін университетінің оқытушылары мен жетекшілері қатысты.
ҚАЕУ-ден келген қонақтар қатарында АҚШ, Британия, Канада, Ресей, Германия, Түркия, Жапония, Ауғанстан, Нигерия, Испания, Украина және өзге елдерден келген әріпестер болды.
Салтанат басында қонақтарға ширек ғасырда университеттің жеткен жетістіктері айтылды.
Облыс әкімі Даниал Ахметов Ережеп Әлқайырұлына облыстың құрметті азаматы атағы берілгенін жария етті.
Ол оқу орны бүгінде 28 шетелдік серіктеспен ынтымақтаса жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
– Осы кезең ішінде білім ордасы 12 мың маман даярлады, олардың 4 мыңы ағылшын тілін меңгерген. Ережеп Әлқайырұлы елдегі тұңғыш халықаралық деңгейдегі университетті құрды, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы білім министрі болды, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Облыс әкімі ҚАЕУ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсенге естелік сыйлық, университет оқытушыларына грамоталар табыстады.
Оқу орнының бірқатар қызметкерлері облыс әкімінің грамотасымен марапатталды.
Баспасөз қызметі
Фото https://cloud.mail.ru/public/4vA5/2zQCYJHtm
Пресс-служба