С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да облыс аудандарынан келген 170 оқушының білім алу бағдарламасының төртінші күні өтті. Балалар университет мұражайларымен және зертханаларымен танысты.
Таңдаған дайындық бейіндеріне сай оқушылар №7 оқу ғимаратындағы роботты техника кабинетіне, трибология зертханасына, №1 оқу ғимаратындағы химия зертханаларына, В. Бажанов атындағы гербарий кабинетіне, геология кабинетіне, фитохимия, фармакология және фармакогнозия зертханаларына барып, жұмыстарымен танысты.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы