- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ оқытушысы неміс тілі оқытушыларының халықаралық съезіне қатысып қайтты.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ шет тілдері және аударма ісі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Толқын Мұратбекқызы Әбдірахманова Фрибург (Швейцария) қаласында өткен неміс тілі оқытушыларының халықаралық съезінде ЖОО-дағы кәсіби-бағдарланған шет тіліне арналған баяндама жасады.
Академиялық алмасу бойынша Неміс қызметінің қоры Т.М. Әбдірахмановаға аталмыш съезге қатысып, баяндама жасау үшін шәкіртақы тағайындаған.
Баспасөз қызметі