- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
25 қазан күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың физика және технологиялар кафедрасында «Өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығының студенттері мен өнеркәсіптің жас мамандары арасында зияткерлік семинар (ойын) өткізілді.
Семинарға қатысқандар: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың студенттері мен оқытушылары және КММ Серебрянск технологиялық колледжінің студенттері.
Бастапқы құттықтау сөзді физика және технологиялар кафедрасының меңгерушісі Г.С. Бектасова бастады.
Семинар 4 кезеңнен тұрды: «Жаттығу», «Эрудит», «Жартылай финал», «Финал».
Семинардың жеңімпаздары дипломдармен, ал қатысушылары мадақтама қағаздарымен марапатталды және көрсеткен көмектері мен бірлесіп жұмыс істегендері үшін Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың оқытушылары мен студенттеріне алғыс хаттар берілді.
Сонымен қатар студенттерге «Астық өнімдерін технохимиялық бақылау» зертханасында экскурсия жүргізілді.
Физика және технологиялар кафедрасы