30 мамырда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлегеннің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша ШҚО сараптама кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті.
Кеңеске ғалымдар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, ШҚО ҚХА, үкіметтік емес бірлестіктер өкілдері қатысты. Отырыста кеңестің міндеттері талқыланып, оның қызметі туралы ереже бекітілді, «Ruh.e-vko.kz» ақпараттық жүйесі таныстырылды. Сонымен қатар, ШҚМУ компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті А. Нұғыманова мұрындық болған «Живые страницы» жобасы талқыға салынып, ары қарайғы кезеңдерден өтуге ұсынылды.
Баспасөз қызметі