Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Онлайн-дәріс барысында ШҚМУ студенттеріне заманауи менеджердің жұмысы туралы айтылды

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының доценті Қарлығаш Қасентаева әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1-курс магистранттарына ашық онлайн-дәріс өткізді.

Дәріс педагогикалық менеджмент пәні бойынша «Заманауи менеджердің әдіс-тәсілдері» тақырыбына арналды.

Бүгінде қай жерге барсаңыз да басқарушы, ұйымдастырушы мамандар бірінші болып қарсы алып, келген мәселеңізді шешуге көмектеседі. Олар – сол мекеменің менеджері. Білім саласында да оқу-тәрбие жұмысының дұрыс жүруін қамтамасыз ететін менеджерлер бар.

Дәрісте заманауи менеджер деген кім, оның қандай міндеттері бар, олар қандай болуы керек екені менеджер портреті әдісінде беріліп, білім саласындағы менеджерлердің ролі және жұмысын тиімді ұйымдастыруда тайм-менеджментті ұтымды пайдалану жолдары туралы ой қозғалды.

Дәріс соңында «Төтенше жағдай кезіндегі білім беру үрдісін ұйымдастырудың онлайн оқыту форматы: артықшылығы мен кемшілігі» жайында пікір алмасу негізінде онлайн оқытудағы менеджерлердің ролі талқыланды.

Дәрістің өзекті тақырыпта, мазмұнды да мағыналы өткені жайлы қатысып отырған оқытушылар тарапынан пікірлер айтылды.

Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo