- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Бүгін, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жазғы ғылыми-танымдық мектебінің бірінші жұмыс күнінде мектеп оқушылары тарих, филология және халықаралық қатынас факультетімен танысуда.
Жазғы ғылыми-білім беру мектебінің бағдарламасында факультет таныстырылымы, университет бойынша экскурсия (тарих және заманауи мұражай, ғылыми кітапхана, электронды оқу залы және т.б.), гуманитарлық бағытта ғылыми жобалар дайындау бойынша «дөңгелек үстел» өткізу қаралған.
Сонымен қатар, Жазғы мектептің бірінші күнінде шет тілдерін білуге арналған «Полиглот» байқауы және т.б. түрлі де қызықты сайыстар болады.
Ал күннің екінші жартысында Ақ Бауыр ескерткішіне бару жоспарланған.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасөз қызметі