- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы Біліктілікті бекіту орталығында 23 мамырында Өскемен қаласы және ШҚО мұғалімдері үшін экскурсия өткізілді.
ББО директоры Б.Б.Келгембаева мектеп мұғалімдеріне Біліктілікті бекіту орталығы қызметімен таныстырып өтті, мұғалімдер Реноме-технологиялар акмеологиялық зертханасын, психофизиологиялық және полилингвалды зертханаларын тамашалады.
Мұғалімдер психофизиологиялық зертхана аспаптары арқылы кәсіби диагностикадан өтті.
Экскурсия мұғалімдердің танымдық қызығушылығын тудырып, үлкен әсерде қалдырды. ББО директоры Б.Б. Келгембаева профориентациялық жұмыс мақсатында ШҚМУ-нің мамандықтары, студенттерді қабылдау туралы айтты және ШҚМУ-нің хабарлама буклеттері берілді.