- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ студенттері «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі медиация» тақырыбында «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.
Өскемен қаласының Достық үйі қоғамдық келісім орталығымен, «Ұлттық медиаторлар палатасы» РҚҰ өкілдігімен және ҚХА хатшылығының ұйымдастыруымен өткізілген талқылауға ШҚО ҚХА хатшылығының басшысы Асқар Нұрғазиев, Өскемен қаласы прокуроры орынбасарының міндетін атқарушы Арман Қыдырғалиев, Ішкі істер департаментінің Үлбі полиция бөлімінің, Өскемен қаласы ІІБ, Ертіс полиция бөлімінің, Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары медиацияның дамуы үшін қылмыстық істерді қарауда және тергеп-тексеру ісінде Қылмыстық кодекстің 68-бабына өзгерістер енгізу қажет деген ортақ пікірге келді.
Қайнар: Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Фотосурет ҚР Жоғарғы Сотының сайтынан алынды