Өскемен қаласының Жастар ресурстық орталығы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ШҚО бойынша филиалымен бірлесіп, ағымдағы жылдығ қазан айынан бастап баламасы жоқ жобаны қолға алмақ.
Қазақстандағы алғаш және әзірге еш жерде жоқ әлеуметтік-білім беру жобасы, жастарды кәсіпкерлікке тегін үйретуге бағытталған.
Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресуртық орталығы» мекемесінің директоры Р. Ахметжанованың айтуы бойынша, Жас кәсіпкер мектебіндегі оқытушылар жоғары квалификациялы мемлекеттік мекемелерден келген мамандар болмақ.
Аталған мектептің ашылу уақыты қосымша хабарланатын болады, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтында жаңалық күтіңіздер.