Университетте Өскемендегі №3 мектептің үш 10 сыныбы оқушыларына арналған «Менің таңдауым – ШҚМУ» кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті.
Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті әдістемелік онкүндігі аясында Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Өскемендегі №3 мектептің 107 оқушысына кәсіптік бағдар берді.
Кафедра меңгерушісі Ф. Қабдрахманова «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы ШҚМУ жетістіктерін атап өтті.
Профессор М. Мағзұмов ШҚМУ тарихы, дәстүрлері, атақты ұстаздары мен түлектері туралы айтты.
Доцент Е. Сейтембетов білім бағдарламалары, студенттерді әлеуметтік қорғау және қолдау шаралары туралы мәлімет берді.
Саясаттану мамандығының 1 курс студенттері Жанайым Қалқаманқызы мен Бақытбек Жоламан студенттік өмір, Жастар жылының шаралары, саясаттану білім бағдарламасы жөнінде әңгімелеп берді.
Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы