С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасы мен Өскемен оқу-өндірістік комбинаты Өскеменнің 10-11 сынып оқушыларына арнап «Мамандықты дұрыс таңда» кәсіби бағдар беру вебинарын өткізді.
Вебинарға №7, 36, 37 мектептердің оқушылары, мұғалімдері, ШҚМУ оқытушылары мен мамандары қатысты. Іс-шараға кафедра доценті С. Сахариева модератор болды.
Өскемен оқу-өндірістік комбинатының әдіскері Н. Сафарова қала оқушыларының медицина, сервис, экономика, білім, ақпараттық жүйе салаларындағы мамандықтарды көбірек таңдайтынын атап өтті. Ол онлайн режимде оқушылардың кәсіби бейімдеріне психогеометриялық талдау жүргізіп, түлектердің мамандық таңдауда жиі жіберетін қателіктерін атады.
Оқу-өндірістік комбинаттың сектор меңгерушісі А. Грахова «Сенің таңдауың?» ойынын өткізді, ойын арқылы оқушылар Өскемендегі сұранысқа ие және ие емес мамандықтарды білді.
Бұдан соң С. Сахариева түлектерге ШҚМУ-дың педагогикалық мамандықтарын жан-жақты таныстырды, қатысушылар өзара пікір алмасып, оқушылар сұрақтарына жауап берді.
Баспасөз қызметі