С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Parasat» зияткерлік клубының ұйымдастыруымен кезекті «Парасат» ойыны өтті.
Сайыста «Парасаттың» ауыспалы кубогі сарапқа салынды. Студенттер арасында апта сайын ұйымдастырылып отырған бұл ойынға Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ және Қазақстан-Американ еркін университетінің командалары да қатысты.
Тартысқа толы сайыста ШҚМУ-дың «Физиктер» тобы жеңіске жетіп, екінші рет ауыспалы кубок иегері атанды. Ал, екінші орынды Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың «Еркін сөз», үшінші орынды университетіміздің «Ділмар» тобы иеленді.
Алдағы уақытта қазақ тіліндегі логикалық ойындардың деңгейін арттырамыз деген ойдамыз.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім