С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға Мәжіліс депутаттары Василий Иванович Олейник пен Геннадий Геннадьевич Шиповских келді.
Депутаттар №1 оқу ғимаратындағы Криминалистикалық орталықта, Сирек кітаптар қорында, «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығында болды.
Олар өңірімізге іссапары барысында қалалық мәслихатқа, «Силумин Шығыс» ЖШС-не, «Азия Авто Қазақстан» АҚ-на барып, азаматтарды қабылдайды, сот, әділет, ішкі істер, прокуратура, ҚАЖД, 6699 әскери бөлім қызметкелерімен кездеседі.
Василий Иванович Олейник – VI шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитет мүшесі, «NUR OTAN» фракциясының мүшесі.
Геннадий Геннадьевич Шиповских – VI шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитет мүшесі, «NUR OTAN» фракциясының мүшесі.
Баспасөз қызметі