20 сәуірде Педагогика, психология және мәдениет факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Жоғары колледж түлектерімен және олардың ата-аналарымен онлайн кездесу өтті.
Факультет деканы Г.Б.Куленова құттықтау сөз сөйлеп, факультеттегі білім беру бағдарламалары туралы айтып берді.
Түлектер алдында кафедра меңгерушілері – доцент, п.ғ.к. Н.Н.Радченко және Д.С.Байдрахманов, деканның оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары А.М. Бөлекпаев, Жоғары колледж директоры С.Д.Өтепов, Жоғары колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Н.Р.Әлиев сөз сөйледі.
Педагогика, психология және мәдениет факультеті