- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының кураторлары «Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 2 курс студенттерімен бірге «Бір халық, Бір ел, Бір тағдыр» фильмін көрді.
Тәрбие сағатының мақсаты ел тарихы жайлы білімдерін дамыта отырып, студенттерді Отанын, елін, жерін сүюге, туған ел тарихын білуге, қастерлеуге тәрбиелеу болды.
Елбасының жүргізген реформалары іргелі болғаны айтылды. Сан ұлттың мекені болған бірлігі бекем мемлекетіміздің алар асулары алда, болашағы нұрлы, келешегі кемел боларына жастар сенімі мол екені байқалды.
Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы