17 қазанда ШҚМУ әкімшілік ғимаратының акт залында Қазақстан ЖОО-лар қауымдастығының президенті, «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшановқа ШҚМУ-дың құрметті профессорының дипломы мен мантиясы салтанатты жағдайда табысталды.
– Құрметті Рахман Алшанұлы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кеңесінің шешімімен Сізге ШҚМУ құрметті профессоры атағы берілді. Марапатты құрмет белгісі және университетімізді дамытуға қосқан үлесіңізге алғыс ретінде қабылдаңыз, – деді салтанатта С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.
Өз кезегінде Рахман Алшанов ШҚМУ ректорына ризашылығын айтып, жемісті ынтымақтастықтың ары қарай да жалғаса беретініне сенім білдірді.
Баспасөз қызметі