С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректораты Психология, педагогика және мәдениет факультетінің еңбек ардагерлерін Жаңа жылмен құттықтады.
Жоғары оқу орнының бірінші басшысы М.Ә.Төлегеннің атынан ППжМФ ұжымы педагогиканың нағыз майталмандары – профессорлар Ленста Рахметжанқызы Әубәкірова мен Людмила Андреевна Федотованы Жаңа жылмен құттықтады.
– Бұрынғы мұғалімдер деген ұғым болмайды, өйткені бұл мамандық емес, тағдыр. Бүгін біз ардагерлерді Жаңа жылмен құттықтаймыз! Жоғары оқу орнының бүкіл ұжымы атынан баянды бақыт, зор денсаулық пен қуаныш тілейміз! – деген құттықтау сөздері айтылды.
Құттықтауға жауап ретінде Людмила Андреевна Федотова Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымын өзінің кезекті арнау өлеңін оқып берді.
Психология, педагогика және мәдениет факультеті