С. Аманжолов атындағы ШҚМУ проректоры Ирина Владимировна Ровнякова Ресей Бас консулдығының Өскемендегі вице-консулынан алғыс хат алды.
Ресей Бас консулдығының Өскемендегі вице-консулы Николай Михайлович Тищенко стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В.Ровняковаға «Үлкен географиялық диктант ұйымдастыру комитетінің алғыс хатын» табыс етті.
Алғыс хатта «Үлкен географиялық диктант-2019» халықаралық ағарту акциясын ұйымдастырып, өткізуге көрсетілген көмек үшін ризашылық білдірілген.
«Келешек ынтымақтастыққа үміттіміз!» делінген Ресей Бас консулдығының Өскемендегі вице-консулы Н.М.Тищенко қол қойған алғыста.
Баспасөз қызметі