- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Ресейлік физик-студент ШҚМУ-ғы жарты жылдық оқуы барысында қазақ және корей тілдерін меңгеруді армандайды.
Армавир мемлекеттік педагогикалық унииверситетінің 2 курс студенті Бытдаева Аня, 31 тамыз - 31 желтоқсан аралығында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «ядролық физика» мамандығы бойынша білім алатын болады.
Аня студенттер үйінде Оңтүстік Кореялық қызбен бір бөлмеде тұрғандықтан, сонымен қатар студенттер үйлерінде Оңтүстік Қазақстандық студенттердің көп болуынан, мүмкіндікті пайдалана отырып корей және қазақ тілдерін үйренуді армандайды.
Осындай ұзақ мерзімге Аня шығып көрген емес. Дегенмен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қазақстанда білім алуды ұсынғанда, ұзақ ойланбастан келіскен көрінеді.
Шығыс Қазақстан облысына келген ол, түрлі ұлт пен ұлыстардың бір аспан астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандығын көрді. Шығыс жеріне келгендегі ерекше әсерлерімен бөлісіп, тұрғындардың өте қонақжай екендіктерін басып айтты.
Баспасөз қызметі