Риддер қаласы мектептерінің болашақ түлектері С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға экскурсия жасады.
Төрт топ болып келген олар №1 оқу ғимаратындағы Археология және Алтай мұрасы мұражайында, құрамына В. Бажанов атындағы табиғат музейі, геологиялық көрме, гербарий кабинеті, фитохимия зертханасы енетін «Шығыстың інжу-маржандары» ғылыми-білім беру орталығында болды.
Сондай-ақ, ғылыми кітапхананың сирек кітаптар қорына, электронды оқу залына, Криминалистикалық орталыққа барып, Жоғары колледж таныстырылымын тамашалады.
Оқушылар «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығында, №4 және №5 Студенттер үйлерінде, «Altai jastary», «Зияткер», «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталықтарында, Біліктілікті растау орталығында да болды.
№7 оқу ғимаратында ЖҒжТФ деканының міндетін атқарушы, т.ғ.к. М. Мадияров бағдарламалар, мамандықтар, жетістіктер туралы айтты. Роботты техника, химия, биология, физика бойынша шеберлік сыныбы өткізілді. Сонымен қатар, балалар Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханамен танысты.
Баспасөз қызметі